Біздің бастама туралы

Бастама туралы

Teaching for heroes (TFH) – бұл Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания және басқа елдердің алдыңғы қатарлы мектептері мен университеттерінің студенттері мен түлектерінің бастамасымен әрекет етуін бастаған жаңа әлеуметтік қайырымдылық жоба. Жобаның негізгі мақсаты әлемдегі COVID-19-бен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге қолдау көрсету болып табылады.

Teaching for heroes - бұл ары қарай даму, үйрену мен басқалармен өз білгенімен бөліскісі келетін жаңа буын өкілдерін біріктіретін онлайн платформа. 8 бен 16 жас аралығындағы медициналық қызметкерлердің балалары ағылшын тілінде тегін онлайн сабақ барысында сөйлеу дағдыларын білікті мұғалімдермен дамыта алады. Олар спортқа, өнерге, саяхатқа немесе медицинаға қызығушылық танытса да, бізде олар әрқашан шабыт беретін тәлімгер таба алады. Олар 400-ден астам ағылшын тілін еркін меңгерген мұғалімдер арасынан таңдай алады, олармен сабақты брондап, тегін сабақ өте алады. Қарапайым және ыңғайлы платформа арқасында біз екі тарапқа ыңғайлы кесте мен қолайлы брондау жүйесін ұсыну арқылы оқушы мен мұғалімді тез байланыстырамыз. Біз 300-ден астам Оксфорд пен Кембридж студенттері мен түлектерімен байланыс ұсынып, ағылшын тілін оқытатын онлайн платформасы Nativated.com-мен серіктеспіз.

Біздің ұранымыз – Шабыт бер! Қолдау көрсет! Бөліс!

Әлемдегі барлық медициналық қызметкерлерге көмектесу үшін бастамамызды дүниежүзіне тарату ойымыз бар. Жоба 2020 жылдың маусым айынан бастап пандемия жағдайы күрт нашарлаған Қазақстанда бастау алды. Көктемде COVID-19-дан аз мөлшерде зардап шеккен ел жаз басталысымен кенет аурудың күрт өсуіне тап болды. Осындай жағдай бізді маңызды қадамдар жасауға және көмек көрсетуге итермеледі. Келесі қадам ретінде біз осындай бастамамен вирустан зардап шеккен басқа елдерге шығуды жоспарлап отырмыз.

Ilya Kan
Кампания бастамашысы

Жүректеріміз дәрігерлер үшін
Бастама логотипі